2023 жылы Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды
Маңғыстау облысының білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған №4 арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
2023-2024 оқу жылына 158 бала балабақшаға қабылданды. Осының ішінде Есту қабілеті бұзылған-9 бала, психикалық дамуы тежелген-102, және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балалар-47. Бүгінгі таңда балабақшада 39-педагог қызметін атқарып отыр. Оның ішінде педагог- зерттеуші -1, педагог- сарапшы-1, педагог- модератор-15, жоғары санат-4, бірінші санат-2, екінші санат-5, санатсыз -11.
2023 жылы балабақшаның біліктілік арттыру курстарынан 11 педагог өтті.
№4 арнайы балабақшасында облыстық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Тақырыбы: «Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие және дамыту процесін ұйымдастыру». 24.02.2023ж. Семинарға қатысқан аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері, тәрбиешілері мен арнайы мамандары тәжірибе алмасып жақсы пікір қалдырды.
Білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстық семинар ұйымдастырылған семинарына №4 арнайы балабақша педагог-дефектолог Жандильдина Ж.Б. «Гипербелсенді синдромы бар балалардың танымдық үрдістерін дамыту» тақырыбында баяндама оқыды.
Осы оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жоспары бойынша мектепке дейінгі мектепалды топтар ұлттық мұраны қастерлеуге,қазақ тілін, ұлттық мәдениетті құрметтеу мақсатында «Әкем асқар тауым», «Қазақшаң қалай, балақай?», «Бір отбасы-бір кітап», «Менің елім-Қазақстаным», «Шынықсаң шымыр боласың», «Екі жұлдыз» жобалармен жұмыстар жасалып жатыр. Маңғыстау облысы «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастырған «Үміт» фестиваліне біздің балабақшамыздың 25 тәрбиеленушілері өз өнерін көрсетті. Барлық қатысушылар жүлдері орын алып, сыйлық сертификаттарымен марапатталды. Арнайы балабақша педагогтері сырттай байқауларға өз тәрбиеленушілерін үнемі қатыстырады:
- ҚР Оқу-Ағарту Министрлігі Республикалық «Абай оқулары» конкурсы. ІІ орын - 2 бала.
- ҚР Оқу-Ағарту Министрлігі Республикалық «Ілияс оқулары» конкурсы. Бас жүлде-1 бала.
- ҚР Ақпарат және Қоғамдық Даму Министрлігі Murager Education- «МҰРАГЕР» Республикалық журналы диплом Іорын- 2 бала.
- Астаналық оқу-әдістемелік орталық «Абай оқулары» дипломы. І орын-1 бала.
Тәрбиешілер мен арнайы мамандар өз мақалаларын, озық тәжірибесін, сабақтарын республикалық, облыстық газеттер мен журналдарға жариялады.
Балабақшада ата-аналармен жақсы қарым-қатынасты нығайту мақсатында жиналыстар, «Ашық есік күні», психолог, логопед, дефектолог маманыдарымен кездесу жұмыстары үнемі ұйымдастырылады.
Алдағы жаңа жылда балабақша ұжымы мекемеміздің тәрбие және білім беру бойынша іс-шаралар атқару жалғасын табады.
Жарияланған күні: 30-09-2022
Жарияланған күні: 28-09-2022
№4 Арнайы балабақшасының жаңа оқу жылындағы №1 Педагогикалық кеңесінің отырысы өтті
Жарияланған күні: 23-09-2022
Жарияланған күні: 10-09-2022
"Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы"
Жарияланған күні: 18-02-2022
Жарияланған күні: 11-02-2022
Жарияланған күні: 13-01-2022
«Ризашылық - мейірімділік бұлағы»
Әр адам өз өмірінде мейірімді, жанашыр достардың, жүректі жылытатын сөздер мен жағымды істердің болғанын қалайды. Жыл сайын ақпан айында дүниежүзілік «Ризашылық - мейірімділік бұлағы» күні атап өтіледі. Бұл күні біздің №4 арнайы балабақшасы осы мерекеге арналған тақыр...Жарияланған күні: 11-02-2021
"Жалпыадамзаттық құндылықтар - тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негізі" атты іс-шарасында оқылған мәнерлеп оқу. Оқыған: Логопед: Базарбаева А. "Адамгершілік" өлеңі ...
Жарияланған күні: 20-11-2020
Біздің арнайы балабақшаның тәрбиеленушілеріне оқыту, түзету, дамытумен қатар, сүйіспеншілік және адамгершілік туралы да түсінік беріліп, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиеленеді. Тәрбиеленушілеріміздің орындауындағы "Достар" әні. ...
Жарияланған күні: 20-11-2020
"Жанашыр Жүрек" халықтық акциясы
Жарияланған күні: 27-10-2020
Ата - аналарға кеңес беру - Консультация для родителей в дни карантина
Құрметті әріптестер!Елімізде төтенше жағдай жарияланып мектепке дейінгі ұйымдар уақытша жабылғаны бәрімізге мәлім. Осы қиын кезде "Біз біргеміз" атты акцияның үлкен маңызы бар екені сөзсіз. Арнайы балабақша тәрбиешілері мен арнайы мамандар ата-аналар мен тәрбиеленушіле...Жарияланған күні: 23-04-2020
Демеушілік көмек - Спонсорская помощь
Жарияланған күні: 26-03-2020
: балабақша № 4
Жарияланған күні: 13-12-2019
: балабақша № 4
Жарияланған күні: 22-11-2019
: балабақша №4
Жарияланған күні: 08-11-2019
: балабақша №4
Жарияланған күні: 06-11-2019
"Менің туым-менің Отаным" акциясы
: балабақша №4
Жарияланған күні: 04-11-2019
Жаңалықтар
24-10-2023«Гүлдене бер, Қазақстан!»24-10-2023Бүгін №7 «Күншуақ» мектепалды тобында Республика күніне арналған тақырыптық сабақ өтті24-10-202325-қазан Республика күніне орай «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тақырып бойынша ересек, мектепалды топтарда тематикалық сабақ өтті24-10-2023№4 Арнайы балабақшасында 25-қазан Республика күніне орай «Қазақ елі - менің Отаным» атты кітап көрмесі ұйымдастырылдыКөрменің мақсаты: тәрбиеленушілерді Отанға деген сүйіспеншілікке, елін құрметтеуге, отанын қастерлеуге тәрбиелеу. Туған ел, Отан туралы білімдерін кеңейту. Сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, берілген сұрақтарға жауап беруге үйрету. Қазақстан туралы және балаларға арналған әдебиеттерге шолу жасалып, кітаптың мазмұндары қысқаша таныстырылды.20-10-2023№4 Арнайы балабақшасында «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгіліктер ұйымдастырылды




