2023жылдың қараша айынан бастап №4 Арнайы балабақшасының арнайы мамандар мен педагогтері ата-аналар мен оқырмандарға арналған пайдалы кеңестер ұсынады
Турмаганбетова Б. мұғалім-логопед
Мектепке дейінгі мекеме алдында тұрған мәселелер қатарында балаларды мектепке дайындау міндеті маңызды орын алады.
Баланың табысты білім алуға дайындығының негізгі көрсеткіштерінің бірі дұрыс, әрі жақсы дамыған сөйлеу тілі болып табылады.
«Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы» әр түрлі жас кезеңдері үшін, балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселелерін айқындап береді және оның бұзылуының алдын алу мен түзетуді қамтиды.
Сөйлеу тілінің өз мезгілімен дамуы сәбидің бүкіл психикасын дұрыстайды, оның қоршаған орта құбылыстарын неғұрлым саналы түрде қабылдауына мүмкіндік береді. Сөйлеу тілінің белгілі бір дәрежедегі қандай да бір бұзылуы баланың мінез – құлқы мен іс - әрекетінде көрініс табуы мүмкін. Нашар сөйлейтін балалар өз кемшіліктерін түсіне бастаған кезде ұялшақ, үндемейтін және жасқаншақ болады. Әсіресе, балалардың сауат ашу кезеңінде дыбыстар мен сөздерді анық, дұрыс айтуы үлкен маңызға ие, өйткені жазу тілі, ауызша тіл кемшіліктері сабақ үлгермеушілігіне алып келуі мүмкін.Жас баланың тілі айналасындағылармен қатынас арқылы қалыптасады. Сол үшін үлкендердің тілі балалар үшін үлгі болуы қажет.
Дыбыс айтылуын қалыптастыруға арналған жұмыстың негізіне ана тілінің барлық дыбыстарын бірізділікпен, кезең-кезеңмен үйрену мәселесі алынуы қажет. Алдымен балаларда жиі бұзылатын с, ш, р, л және басқа дыбыстардан бастауға болмайды, керісінше, қарапайым, күрделі дыбыстар артикуляциясының элементтерін қамтитын и, ф, т, ы сияқты дыбыстардан бастаған дұрыс. Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың анық айтылуын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, блаланың біртіндеп тілдің фонематикалық жүйесін меңгеруіне қол жеткізуге болады.
Дегенмен, балада үш-төрт жасқа қарай барлық дыбыстардың артикуляциялық негізі қалыптасып жатады, олармен жұмыс тілдің дыбыстық жағын түсіну саласында жалғастырылады. Мұндай жұмыс тек дұрыс сөйлеудің қалыптасуына көмектесіп қоймай, сонымен бірге сөздердегі дыбыстарды тани білуге үйретеді, осы арқылы фонематикалық есту мен сөзді дыбыстық талдауды дамытады. Мұның бәрі балаға тіл әлемін танып білуге мүмкіндік береді.
Жарияланған күні: 05-12-2023Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамыту
Жарияланған күні: 26-12-2023
Жарияланған күні: 05-12-2023
Жаңалықтар
30-12-2023ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жыл қорытындысы туралы фильмі26-12-2023Жаңа жыл - мерекесі көптеген тосын сыйлар мен қуанышты сәттерге толы кезең25-12-20232023 жылы Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды15-12-2023№ 4 Арнайы балабақшада "Біртұтас тәрбие бағдарламасының" кешенді жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекет пен іс-шаралар өткізілді13-12-2023Қысқы орман







